Pfizer вакцинасының Израиль халқы үшін тиімділігі жоғары болып шықты

Коронавируске қарсы «Пфайзер-Бионтек» вакцинасының екінші дозасын салғаннан кейінгі тиімділігі 94 процент көрсеткен.

Израильдік және американдық ғалымдар осындай қорытындыға келген. Олар Израильдегі жаппай вакциналау нәтижелеріне сүйеніп отыр. Зерттеуге бір миллионнан аса адам қатысыпты. Тең жарымы вакцина салдырғандар, қалған 600 мыңы екпе алмағандар. Екі топтың деректерін салыстырған мамандар препараттың алғашқы дозасын алғаннан кейін тиімділігі 57 процент, ал екінші екпеден кейін 94 процентке тең болғанын анықтаған.    

Рэн Балисер, ғылыми-зерттеу институтының директоры

- Вакцина тек клиникалық сынақ кезінде ғана емес, жаппай екпе егу кезінде де жоғары тиімділігін көрсетті. Бұл керемет жаңалық. Шыны керек, жаппай егпе салу жұмыстары алдында препараттың қарт кісілерге қалай әсер ететінін толық білмедік. Алайда енді оның кез келген жастағы адам үшін тиімділігі жоғары екеніне көзіміз жетіп отыр.

Сондай-ақ...