Франция COVID-19 індетінің британдық штамы дендеп барады

Франциядағы эпидахуал қайта ушықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған аймақта коронавирустың британдық штамының кең етек жаюы себеп. Әсіресе, елдің солтүстігі, Лазур жағалауы мен Германиямен шектесетін департаменттегі ахуал күрделі. Естеріңізге салайық, Францияда желтоқсан айында жарияланған коменданттық сағат әлі де өз күшінде. Енді Нице мен Дюнкер қаласында демалыс күндері жалпыұлттық локдаун енгізілді.

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

- Жұмыс күндері кешкі сағат 18:00-де басталатын коменданттық сағат пен демалыс күндері енгізілген локдаун тұрғындарға оңай соқпайтыны анық. Алайда қолға алынған шаралар өз нәтижесін береді деген сенім бар. Бұл қауіпті аймақтарда індеттің таралуына тосқауыл қою үшін қабылданған шешім.