Францияның солтүстік шығысында бояу өнімдерінің қоймасы өртенді

Францияның солтүстік шығысындағы Сен-Сен-Дени департаментінде де бояу өнімдерінің қоймасы өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нысан өндірістік аймақта орналасқан. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 3 сағат бойы арпалысты. Қазір қызыл жалын толықтай ауыздықталды. Мамандар оқиғаның себебін анықтауға кірісті. Абырой болғанда, адам шығыны мен жарақат алғандар жоқ. Ақпарат көздері қоймаға жақын тұратын 19 адам эвакуацияланғанын хабарлайды.