АҚШ-тың Техас штатындағы қоқыс өңдейтін зауытта өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ақпарат көздері 1 адам жарақат алғанын хабарлайды. Қазір ол ауруханада дәрігерлердің жіті бақылауында. Оқиға Форт-Уэрт қаласында болған. Белгілі болғандай, өрт қоймадан шыққан. Мамандар қою қара түтін жақын маңдағы елді-мекендерге қауіпті екенін айтады. Өрттің шығуына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.