Италияда мектеп оқушылары карантинге қарамастан шаңғы тебуге кірісті

Балаларға арналған төбешікті оқу орнындағы нұсқаушылар жасап берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі бұл елде тау шаңғысына арналған барлық шипажайлар 15 ақпанда ашылуы керек еді, бірақ карантинге байланысты әлі жабық тұр. Себебі британиялық штамм белсенді түрде тарала бастаған.

Естеріңізге сала кетейік, Италияда соңғы кездері күніне 15 мың адам індет жұқтыруда. Сарапшылар әсіресе, коронавирустың жаңа түрлерінің таралуынан қауіптеніп отыр.