Boeing компаниясына 6,6 млн доллар айыппұл салынды

АҚШ-та Boeing компаниясына 6,6 миллион доллар айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдің Азаматтық авиация федералдық басқармасы «бірлестік 2015 жылғы қауіпсіздік келісімшарт бойынша міндеттерін орындамады» деп айыптап отыр. Компания әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Еске сала кетейік, 6 жыл бұрын Boeing өзінің ішкі процестеріне өзгерістер енгізуге келіскен. Құжатта, әсіресе, қауіпсіздік бойынша нормативтік талаптарды сақтау міндеттелген. Бірақ Азаматтық авциация басқармасы бірлестіктің оны орындамағанын айтады.