429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рио-де-Жанейро жағажайларында пластик қоқыстардан апаттық жағдай қалыптасты

  • 137
  • UPD: 14:48, 26.02.2021
Рио-де-Жанейро жағажайларында пластик қоқыстардан апаттық жағдай қалыптасты

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы кей жағажайда пластик қоқыстардан апаттық жағдай қалыптасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондаған шақырым жерге созылған жағалаулардан пластмасса пакеттерден бастап балалардың ойыншықтары мен түрлі ыдыстарға толған. Табиғатты қорғаушылар жергілікті билікті шұғыл шара қолдануға шақырып отыр. Ресми дерекке бойынша Бразилияда жыл сайын теңізге 325 мың тонна пластик қоқыс төгіледі екен. Салдарынан Рио-де-Жанейро штатындағы 100-ге жуық мүйіс ластанған.

Рикардо Гомес, табиғаттанушы:

- Жергілікті тұрғындардың қоқыстарды қалай болса солай тастап, мұхитты ластауы үлкен қылмыс. Жағажайдағы қоқыстардың 70%- і бір мәрте қолданылатын пластик ыдыстар. Біз егер күнделікті өмірімізде оларды пайдалануды азайтсақ қазіргідей апатты жағдайды өзгертер едік.

Хабар 24 телеарнасы