Нигериядағы мектеп-интернатта 300-ден астам оқушы ұрланды

Нигерияның солтүстігіндегі Джангебе қаласында қарулы топ түнде мектеп-интернаттан 300-ден астам оқушыны ұрлап әкетті.

Олардың балаларды қайда алып кеткені белгісіз, деп жазды ВВС.

Оқиға туралы полицияға мұғалімдер мен оқушылардың ата-анасы хабарлаған. Ұрлау фактісін жергілікті билік те растады.

Куәгерлердің айтуынша, қарулы адамдар ғимаратқа түн ортасында кірген.