Чилиге қытайлық Sinovac компаниясының 2 млн доза вакцинасы жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жалпы қытайлық препараттың Оңтүстік Америка елдеріне орта есеппен 8 млн 300 мың доза екпесін жеткізу жоспарланған. Чили елі болса, Латын Америкадағы вакцинация науқаны ең қызу жүріп жатқан мемлекеттердің тізімінде. Билік өкілдерінің хабарлауынша, ақпанның 23-і аймақтағы 3 млн тұрғынға екпе егілген. 19 млн халқы бар ел Pfizer, Sinovac пен AstraZeneca компанияларымен жалпы есеппен 34 млн дозаға келісім шартқа отырған. Алдағы уақытта Johnson & Johnson компаниясымен де байланыс орнатпақ.
Себастьян Пиньера, Чили президенті:
- Бүгінде 4 млн 300 мың доза вакцина жеткізілді. 3 млн-нан астам адам егілді. Алдағы уақытта да коронавирусқа қарсы дәрілер үздіксіз жеткізіліп отырады. Жоспар бойынша наурыздың соңына дейін ауру жұқтыру қаупі жоғары 5 млн адамға вакцина салынуы керек.