Илон Маск бір тәулікте 14 млрд долларға жуық қаржысынан айырылды

Bloomberg Billionaires Index (BBI) мәліметтері бойынша, SpaceX пен Tesla компанияларының басшысы Илон Масктың байлығы Tesla акцияларының құлдырауына байланысты өткен тәулікте шамамен 14 миллиард долларға азайды.

Атап айтқанда, Масктың байлығы 13,6 миллиард долларға төмендеп, 176 млрд долларды құрады.

Дегенмен ол әлі де әлемдегі ең бай екінші адам болып қала береді.

Сонымен бірге, Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың байлығы 5,55 млрд долларға азайып, 180 млрд долларды құрады. Осылайша, Безос әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде бірінші орында.

Сондай-ақ...