Израильде коменданттық сағат жарияланды

Жаңа шектеулер осы елдегі «Пурим» діни мерекесіне байланысты енгізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы апта бойы тұрғындарға кешкі 8 жарымнан таңғы 5-ке дейін көшеде бейсауат жүруге, оның ішінде би билеп, мерекені тойлауға тыйым салынды. Былтырғы «Пуримді» мерекелеу кезінде халық жаппай сыртқа шығып, індеттің таралуына себеп болған еді. Бір айта кетерлігі, коменданттық сағат арабтар көп тұратын қалаларда енгізілмейді.  

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

– Былтыр осы мереке кезінде коронавирус жұқтырғандар саны еселеп артты. Естеріңізде болар, содан кейін қатаң шектеу шараларын енгізуге мәжбүр болғаны едік. Осы қателік қайталанбауы керек. Бақытқа бөленіп, түрлі мерекелік киімдер кигеніміз дұрыс, бірақ бәрі ережелер аясында болсын.

Сондай-ақ...