Пашинян үкіметі Арменияны құрдымға апара жатыр – Әзербайжан президенті

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Армениядағы саяси жағдайға байланысты арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, Еревандағы оқиғалар – Арменияның ішкі ісі, бірақ мұндай толқулар армян мемлекеттілігіне қауіп төндіреді. Әлиев Армениямен бейбіт келісімге қол қою мүмкіндігін жоққа шығармады. Осы аптада Арменмия премьер-министрі Никол Пашинян Бас штабтың кету туралы талабынан кейін мемлекеттік төңкеріс әрекетінің болғанын мәлімдеді. Мұның соңы Ереванда билік жақтастары мен оппозиция өкілдерінің шерулеріне ұласты.