Иордания қайтадан локдаунға түсті

Иорданияда қайта локдаун жарияланды. Бұдан басқа коменданттық тәртіп тағы екі сағатқа ұзартылды. Бұған коронавирустың қайта өршуі себеп.

Сондай-ақ билік бетперде тағу сияқты карантин талаптарын бұзғандарға қатаң жаза қолданатынын ескертті. Бірақ үкімет жұма намазын 1 сағат ішінде өткізуге рұқсат берген. Тек мешітке көлікпен емес, жаяу бару талап.

Ресми мәлімет бойынша Иордания астанасында ковид-19-дың британиялық штамын жұқтырғандар көптеп тіркеле бастаған.

Дерғам Саид, Амман тұрғыны:

- Локдаунға қарсымын. Адамдар сақтық шараларын өздері үшін ұстануы керек. Радио, телеарна және басқа ақпарат құралдары арқылы жиі ескерту жасап отырса, жеткілікті болар еді. Сонда барлығы шектеу талаптарын сақтап жүреді ғой.

Сондай-ақ...