430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байден Иранға ескерту жасады

  • 209
  • UPD: 14:55, 27.02.2021

АҚШ Президенті Джо Байден Иранға ескерту жасады.

Сириядағы әуе соққыларына қатысты тілшіліредің қойған сұрағына Ақ Үй басшысы: «Бұл әрекет жазасыз қалмайды», - деп жауап берді.

Таяуда АҚШ қарулы күштері Сирияның Иракпен шекаралас ауданында әуеден соққы жасаған еді. Салдарынан Иранмен байланысты 17 жасақшының көзін құртып, бірнеше әскери нысанды жойған. Ақ үй әкімшілігі бұл операция жуырда АҚШ әскері мен Ирактағы коалицияға жасалған шабуылға қарымта жауап болды дейді. АҚШ президенітінің өзі зымырандармен соққы жасауға бұйрық берген екен.

Хабар 24 телеарнасы