ДДСҰ мамандары Уханьдағы тағы да бір базарды тексереді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары Ухань қаласында тағы бір базарды тексереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус індеті осы жерден тарала бастады деген жорамал бар. The Wall Street Journal басылымының мәлімдеуінше, вирусты жұқтырған алғашқы науқастардың бірі ұйым миссиясына ата-анасының осы базарда азық-түлік сатып алып жүргенін хабарлаған. Осыған дейін індеттің таралу ошағы ретінде «Хуанань» базары қарастырылған. Алайда Қытайдағы әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары сол кезде COVID-19 дертіне шалдыққан 174 адамның кейбіреуі Уханьдағы өзге сауда орындарымен байланысты болғанын анықтады. Бірақ бұл орындардың атауы жарияланған жоқ.