430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Страсбургте қоғамдық көлік балалар үшін тегін болады

  • 130
  • UPD: 20:30, 27.02.2021
Страсбургте қоғамдық көлік балалар үшін тегін болады фото: Le Parisien

Страсбург билігі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаладағы 18 жастан кіші тұрғындар үшін қоғамдық көлікпен жүруді тегін етуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат Le Parisien газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, қоғамдық көлікпен тегін жүру құқығына қаланың 80 мыңға жуық тұрғыны ие болады. Бұл шара қала орталығында көмірқышқыл газы қалдықтарының санын төмендету мақсатында енгізілуде. Газеттің жазуынша, билік тегін жүруді енгізген соң, ата-аналардың балаларын жеке көлікпен тасымалдауы азая түседі. Тегін жүру үшін, 18 жасқа дейінгі тұрғындарға көліктік компанияға қалада тұратынын дәлелдейтін құжатты ұсынуы қажет болады.

Биліктің есептеуінше, бұл шара арқылы екі баласы бар отбасы жылына 550 еуроға дейін қаржыны үнемдей алады.

Хабар 24 телеарнасы