Нигерияды қарулы топ 300-ден аса оқушы қызды ұрлап әкетті

Нигерияды қарулы топ мектепке басып кіріп, 300-ден аса оқушы қызды алып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл кімдердің ісі және балаларды қайда әкеткені әзірге белгісіз. Күдік тек «Боко харам» содырларына түсіп отыр. Радикалды ұйым батыстық білім мен мәдениеттің ықпалын жойып, шариғат заңына бағынуды қалайды. Олар мектептерге, әсіресе, қыздарға білім беретін оқу орындарына жиі шабуылдайды. 2013 жылдан бері «Боко харам» бір жарым мыңнан астам баланы ұрлаған. Жалпы 2009-шы жылдан бері Нигерияда осындай қарулы топтардың әрекетінен 20 мың адам қаза тапты. 2,5 миллионнан астам тұрғын босқынға айналды. Бұлар көрші Нигер, Камерун және Чад елдеріне де тыныштық бермейді. 2015 жылы Нигерия билігі лаңкестерді жоюға уәде етіп, елдің солтүстік-шығыс аймағына әскер аттандырған. Бірақ нәтиже болған жоқ.