Венецияның әйгілі каналдары құрғап кетті

Венецияда су қайтып, әлемге әйгілі каналдар құрғап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Су деңгейі 48 сантиметрге дейін төмендеп, қайықтар қайраңдап қалған. Былтыр мұнда қаңтар айында да каналдар құрғап қалған болатын. Бірақ ол кезде ұзақ уақыт жаңбыр жаумаған еді.