Түрік лирасы тағы құнсызданды

Соңғы мәліметтерге қарағанда, бір доллардың құны 7-ден 7,45 лираға дейін жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылардың пікірінше, бұған АҚШ-тағы облигация туралы есептен кейінгі қорлардағы түсініксіздік себеп болған. Жалпы, бірер ай бұрын тағайындалған Орталық банк пен Қаржы министрлігінің жаңа командасының саясаты оң нәтиже беріп, лира едәуір күшейді. Дегенмен апта басынан бері түрік лирасы 6,19% төмендеп, құнсызданған валюталардың көшін бастады. Екінші орында Мексика болса, үштікке Бразилия жайғасты.

Айта кеткен жөн, күн сайын құны түсіп, қадірі қашқан ұлттық валютаға жергілікті халық пен жекеменшік сектордың сенімі азайған.