Италияда құнды жәдігер табылды

Ежелгі Рим қаласы Помпей маңында біргей жәдігер – жақсы күйде сақталған темір мен қоладан жасалған төрт дөңгелекті күйме арба табылды.

Осыған дейін археологтар дәл осы жерден әбзелдерімен бірге үш аттың сүйектерін тапқан болатын. Сарапшылардың айтуынша, бұрын-соңды Италия аумағында мұндай күйме-арбалар табылмаған екен. Везувий жанартауының атқылауынан құрып кеткен бұл ежелгі қаланың қалдықтары 16-ғасырда анықталды. Қазір бұл жер ашық аспан астындағы мұражайға айналған. Сондай-ақ қазба жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып келеді.