Жаңа Зеландия үкіметі бір адам үшін Оклендте карантин жариялады

Жаңа Зеландия үкіметі елдің ең ірі қаласы – Оклендте карантин жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған тек қана бір адамның коронавирус жұқтыруы себеп болған. Науқас дертті қайда жұқтырғаны белгісіз. Үкімет басшысының мәлімдеуінше, карантиндік шектеулер кем дегенде бір аптаға жалғасады. Осы аралықта шаһардағы барлық қоғамдық орын жабылып, адамдарға топтасып жиналуға, спорт шараларын өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ қалаға кіріп-шығуға тыйым салынады. Жалпы Жаңа Зеландияда эпидемиологиялық ахуал тұрақты елдердің қатарында. 5 миллион халқы бар Жаңа Зеландияда індет басталғалы коронавирусты 2 мың 372 адам вирус жұқтырып, жиырма алтысы қайтыс болды.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландия премьер-министрі:

– Оклендті қайта қорғап алуға мәжбүр болдық. Министрлер кабинеті қалада 7 тәулікке шектеулердің үшінші деңгейі жариялануы тиіс деп шешті. Жаңа Зеландияның өзге бөлігі екінші деңгейге ауысады.