Барселонада наразылық шеруі жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Қамауға алынған рэпер Пабло Асельді қолдап, көшеге шыққан жастар қоқыс жәшіктерін өртеп, қонақ үйлердің біріне өрт қоюға тырысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ жолында кездескен банктердің әйнектерін сындырып, дүкендерді тонаған. Ереуілшілердің бір бөлігі полицейлерге тас пен шөлмек лақтыра бастағандықтан, тәртіп сақшылары оларға қарсы күш қолданып, шерушілерді таратып жіберді. Нәтижесінде төрт адам жарақат алып, ондаған бұзақы қамауға алынды.

Еске сала кетсек, Испанияда наразылық шаралары 16 ақпаннан бері жалғасып келеді. Оған Испания соты Пабло Асельді әлеуметтік парақшасында патша әулетіне тіл тигізіп, лаңкестікке шақыратын жазбалар жариялады деп айыптап, оны 9 айға бас бостандығынан айырғаны себеп болды.

Сондай-ақ...