Мексикада қарулы шабуылдан 11 адам қаза тапты

Мексиканың Халиско штатында қарулы шабуыл салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы екеуі жараланды.

Оқиға Тонала муниципалитетінің Гвадалахара ауданында болған.

Прокуратураның мәліметінше, оқиға барысында жүк көлікке мінгескен біреулер үй жанында сыра ішіп тұрған бір топ адамға оқ жаудырған. Қаза тапқандар арасында бір жасөспірім бар. Бір әйел мен бала оқ жарақатын алған, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға болған ауданда күштік құрылымдардың тікұшақтарының қатысуымен арнайы іс-шара жүргізілуде. Тергеу басталды.

Publimetro.com