АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек

АҚШ Конгресінің өкілдер Палатасы Джо Байден әкімшілігі әзірлеген дағдарысқа қарсы шаралар топтамасын қолдады. Бұл құжат ел тұрғындарының әрқайысына 1400 доллар мөлшерінде жәрдемақы төлеуді қарастырып отыр.

Сондай-ақ коронавирусқа тестілеуге 50 миллиард, ал вакциналауға 20 миллиард доллар бөлу көзделген. Жалпы бүкіл бағдарламаға 2 триллион доллар мөлшерде қаражат жұмсалады. Бұл АҚШ Жалпы ішкі өнімінің 10 проценті. Демократтар осы шараларды бір ауыздан қолдады. Ал мұны тым қымбат санаған Республикалық партия өкілдері қарсы дауыс берді. Енді бұл құжаттың тағдырын Сенат шешетін болды.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

- Уақытты текке өткізуге болмайды. Қазір тез әрі табанды қимылдасақ, бұл вирусты жеңе аламыз. Ақырындап экономикамызды да қайта іске қосамыз.