Таиландта халықты вакциналау басталды

Таиландта вакциналау науқаны басталып кетті. Қытайлық «Синовак» компаниясының вакцинасын бірінші болып премьер-министрдің орынбасары салдырды.

Бүгінде Таиландта осы және «АстраЗенека» препаратының 200 мыңдай данасы бар. Алдағы екі айда тағы да бір миллионнан астам вакцина жеткізу жоспарда бар. Ең алдымен екпе медицина саласының қызметкерлеріне салынады. Ал жаппай халықты вакциналауды маусым айында бастау көзделіп отыр.

Анутин Чарнвиракул, Таиланд премьер-министрінің орынбасары:

- Вакциналау халықты Ковид-19 дертінен қорғайды деген үміттемін. Бұл тұрмысымызды тез арада қалпына келтіруге жол ашады.

Сондай-ақ...