Иранда балықшы дельфинді құтқарып қалды (видео)

Иранда ер адам теңіздегі балықшының ауына шырмалып қалған дельфинді құтқарып алды.

Иран туралы тәулік бойы хабар таратушы Press TV-дің Twitter парақшасында осындай ролик жарияланды.

Роликтен адамның теңіз сүтқоректісін бір минуттан астам уақыт бойы тордың шырмауынан босатқанын көруге болады. Ақыры құтқару операциясын сәтті аяқтаған ол, дельфинді бостандыққа жіберді.

Балықшының құшағына оңай сыйғанына қарағанда бұл «бала дельфин» болса керек.

Авторы: Г.Абилова

Сондай-ақ...