Жерорта теңізінде 363 мигрант құтқарылды

Демалыс күндері Sea-Watch гуманитарлық тобының ұйымдастырған құтқару операциясы  барысында сапарға шыққан 363 мигрант теңізде құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Африка елдерінен шыққан азаматтар Жерорта теңізі арқылы Еуропаға табан тіремек болған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Ливия жағалауында мигранттар отырған бір қайық аударылып, салдарынан 15 адам су астына кетті. Мамандар резеңке қайықтарға отырған келімсектердің саны шамадан тым көп болғанын айтады. Жалпы құтқару жұмыстарына бірнеше кеме мен тікұшақтар жұмылдырылды. БҰҰ өкілдері болса, соңғы кездері теңіз арқылы шекара аспақ болғандардың қарасы уақыт өткен сайын үдеп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр.