Биыл «Алтын глобусты» табыстау рәсімі виртуалды форматта өтіп жатыр

Дәл қазір әлемде үздік фильмдер мен актерлерге «Алтын глобус» сыйлығын тапсыру салтанаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы марапаттау рәсімі коронавирусқа байланысты негізінен виртуалды форматта өтуде. Номинанттар тікелей эфирге өздерін тұратын қаладағы студиялардан қосылуда. Бұл сыйлық мәртебесі бойынша дүниежүзінде «Оскардан» кейін екінші орында тұр.

«Алтын глобус» иегерлерін Голливуд жанынан құрылған шетелдік журналистер қауымдастығы анықтайды. Үздік деп танылған кинокартиналар мен жеңімпаз актерлердің аты-жөндері көп ұзамай белгілі болады.