Әлем бойынша 113 млн 800 мыңға жуық адам коронавирусқа шалдықты

Пандемия басталғалы жер жаһанды жайлаған коронавирус індетіне 113 млн 800 мыңға жуық адам шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Джонс Хопкинс университетінің мәліметі. Ал, ауру құрбандарының қатары 2 млн 500 мыңнан асып кетті. Науқас саны бойынша алғашқы үштікте АҚШ, Үндістан мен Бразилия тұр. Жалпы бүгінде әлемнің бірнеше еліндегі эпидахуал көңіл көншітпейді. Мәселен вирустың мутацияға ұшырауы жағдайды қиындатып барады. Осыған орай ковидтің жаңа штамдары кең етек жайған елдерде санитарлық талаптар қайта қатаңдатыла бастады.