COVID-19: Ұлыбританияда бразилиялық штамды алты адам жұқтырды

Ұлыбританияда коронавирустың бразилиялық штамының алғашқы дерегі тіркелді.

Бұл туралы Англияның Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Айта кетейік, COVID-19-дың мутацияға ұшыраған бұл түрі алғаш Бразилияның Манаус қаласында тіркелген еді. Қазір онда бұл штамды жұқтырған 6 науқас бар. Дәрігерлер тұрғындарды көшеге бейсауат шықпай, сақтық шараларын  ұстануға шақырды.

Сьюзан Хопкинс, сарапшы:

- Жаңа штамның елде және одан сырт жерде таралуын шектегіміз келеді. Бұл мутация жылдам таралып, жұқтырушылар саны тез артуы мүмкін. Осыған алаңдаймыз. Бұдан басқа, вакцинаның оған қарсы қаншалықты тиімді болатынын әзірге білмейміз.