Израиль әскері Сирия астанасына зымыранмен шабуыл жасады

Израиль әскері Сирия астанасына әуеден шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, зымырандар Дамаск маңындағы «Сейд-Зейнаб» ауданын атқыланған. Куәгерлер де жойқын жарылыстар болғанын растады. Сирия қарулы күштері де қарсы оқ атып, бірқатар зымыранды жайратып салған. Құрбандар мен қирандылар туралы әзірге ешқандай ресми ақпарат жоқ.