Жапония ханшайымы Юрико Микаса ауруханаға түсті

Жапон императорлық отбасының ең қарт мүшесі – Юрико Микаса ханшайым Токиодағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Бұл туралы 1 наурыз күні Kiodo хабарлады.

Ал дәрігерлер қойған диагноз жүрекшенің пароксизмальді фибрилляциясы деп аталады. 97 жастағы науқастың жағдайы тұрақты, мамандар бір аптадан соң ауруханадан шығарылады дегенді алға тартады.

2020 жылдың күзінде ханшайым өкпе асқынуымен ауруханаға түскен.

Ханшайым Жапонияның қазіргі императоры Нарухитоның немере әжесі болып келеді.