Белградқа «Спутник V» екпесінің 100 мың дозасы жеткізілді

Сербия астанасы Белградқа ресейлік вакцинаның 100 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Спутник V» екпесін әуежайдан қабылдап алуға ел президенті Александр Вучичтің өзі келген. Негізі Сербия бұған дейін Pfizer, Biotech, AstraZeneca және Қытайдың Sinopharm вакциналарын алдырған болатын. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Сербия бір жағынан Еуропалық одаққа мүше болуға ұмтылса, екінші жағынан Ресей және Қытаймен жақын қарым-қатынаста болғысы келеді. Сарапшылар ел билігінің бұл талпысын вакцина алдыру ісінен де анық байқауға болады деп пайымдайды.

Александр Вучич, Сербия президенті:

- Мәскеуден жіберілген вакцина көлемі 293 мың дозаға жетті. Бұлүлкен қолдау. Ресейге шексіз алғыс айтамыз.

Сондай-ақ...