Словакияда санитарлық талаптар күшейтіледі

Словакияда санитарлық талаптар қатаңдатылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған эпидахуалдың нашарлауы себеп. Жаңа ережеге сай наурыздың 3-інен бастап, елде коменданттық сағат енгізіліп, тұрғындар кешкі сағат 20:00-ден кейін себепсіз сыртқа шыға алмайды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, әзірге оқу орындары мен балабақшалар жұмысын жалғастырады. Алайда бастауыш сыныпта оқитын оқушыларды ата-аналары мектепке өзі әкеліп отыруы керек. Ал, жұмыссыз отырғандар мен қашықтан жұмыс істейтіндердің балалары онлайн білім алады.