Италияда Этна жанартауы атқылап жатыр

Италияда Этна жанартауы оянды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан шыққан қою қара күл жақын маңдағы елді мекендерге дейін жетті. Табиғат апатының салдарынан көше жолдарын тазарту жұмыстары басталды. Көлік қозғалысы қиындап, қала сыртындағы тасжолдар жабылды. Жергілікті билік жүргізушілерді барынша сақ болуға шақырады. Аса қажеттілік болмаса алыс сапарға шықпауға кеңес берілді.

Естеріңізге салайық, жанартау ақпанның 16-сы белсенділік таныта бастады. Геофизика мен жанартау ұлттық инститытының мәліметінше, жанартаудың атқылауы әлі біраз күнге жалғасады.