Медқызмет сапасына қатысты 1 млн-нан аса кемшілік анықталды – ҚР ДСМ

Былтыр әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары медициналық қызмет сапасына қатысты 1 млн-нан аса кемшілік анықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында осындай дерек айтылды. Олқылықтың дені көмек көлемін қолдан өсіріп көрсету болған. Сондай-ақ есеп құжаттарын қате толтыру, ем-дом шараларын орындау барысында протоколдардың бұрмалануы, науқастарды аурухана жатқызбау немесе қызметті мүлде көрсетпеу де жиі тіркелген. Аталған заңбұзушылықтарды ескере отырып, медициналық ұйымдарға 9,2 млрд теңге шамасында айыппұл салынды.