432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аргентинада карантин мерзімі 12 наурызға дейін ұзартылды

  • 89
  • UPD: 13:58, 01.03.2021
Аргентинада карантин мерзімі 12 наурызға дейін ұзартылды

Аргентинада карантиндік шектеу шаралары наурыздың 12-сіне дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің қабылданған шешіміне сәйкес тұрғындардың әлеуметік арақашықтығы әлі де сақталуы керек. Ғимарат ішінде 20 адамнан, ал ашық аспан астында 100 адамнан артық жиналуға болмайды. Сонымен қатар шет ел азаматтары үшін шекара әзірге ашылмайды.

Естеріңізге салайық, Аргентинадағы карантин өткен жылдың 20 наурызында жарияланған болатын. Уақыт өте келе кей шектеулер жеңілдетілген. Жалпы пандемия басталғалы COVID-19 вирусы 2 млн-нан астам аргентиналықта анықталды. Олардың 52 мыңы осы кеселден көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы