432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абу-Дабидегі ғаламдық логистика орталығы екпе тарататын хабқа айналды

  • 78
  • UPD: 14:04, 01.03.2021
Абу-Дабидегі ғаламдық логистика орталығы екпе тарататын хабқа айналды

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасындағы ғаламдық логистика орталығы вакцина сақтайтын және тарататын хабқа айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Температурасы үнемі қатаң бақылауда болатын қоймалардың жалпы аумағы 19 мың шаршы метр. Қазір бұл орын Таяу Шығыстағы ең ірі екпе тарату орталығы деп саналады. Хабты Абу-Дабидің Денсаулық сақтау департаменті жаңадан жасақталған консорциуммен бірлесіп құрған. Енді бұл жерден COVID-19-ға қарсы вакциналар әлемнің 170-тен астам еліне жіберіледі.

Роберт Суттно, логистикалық кластердің басшысы:

- Бұл қоймаларға 120 миллион дозадан астам вакцина сыяды. Мұздатқыштардағы температура бағаны -80-ге дейін төмен. Бұл жер Таяу Шығыс, Африка және Оңтүстік Азия елдеріне арналған вакциналарды сақтап, әрі тарату үшін құрылған. Әлемнің түкпір-түкпірінен екпелер осы орынға жеткізіліп, қатаң бақылауда болады және әрі қарай қажетті елге жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы