«Жан» мультфильмі «Алтын глобусты» иеленді

АҚШ-та «Алтын глобус» сыйлығы тапсырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемдегі үздік фильмдер мен актерлерді марапаттау салтанаты биыл коронавирусқа байланысты виртуалды форматта өтті. Былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес әр үрлі аталым бойынша «Жан» мультфильмі, сондай-ақ «Иуда және қара мессия» фильмінде ойнаған британиялық актер Дэниэл Калуя үздік деп танылды. Бұдан басқа, актриса Розамунд Пайк «Суайт әйел» комедиясында сомдаған рөл үшін «Алтын глобусқа» ие болды.

Айта кетейік, бұл сыйлық мәртебесі бойынша дүниежүзінде «Оскардан» кейін екінші орында тұр. «Алтын глобус» иегерлерін Голливуд жанынан құрылған Шетелдік журналистер қауымдастығы анықтайды.