Ереванда шерушілер министрліктер орналасқан ғимаратқа басып кірмек болды

Арменияда саяси жағдай шиеленісіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап еткен бір топ шеруші бірқатар министрліктер орналасқан ғимаратқа басып кіруге талпынды. Бірақ полицияның күшті қарсылығына тап болып, ғимаратты тастап шығуға мәжбүр болды.

Еске сала кетейік, Арменияда саяси жағдай өткен аптада премьер-министр Никол Пашинянның елдің Бас штаб басшысын қызметінен босатқан соң басталды. Осыдан кейін Қарулы күштер Пашинянның оставкасын талап етіп, наразылық шерулері өткен еді.