Мьянма билігі әлем бойынша дипломаттарын елге қайтарып жатыр

Мьянмада билікті басып алған әскери топ әлемнің 19 еліндегі 100-ге жуық дипломатын кері шақырып жатыр. Себебі осы елдің БҰҰ-дағы өкілі Чжо Мо Тун халықаралық ұйымдарды әскери төңкерісті айыптауға үндеп отыр. Бұған бұлқынған әскерилер АҚШ, Ұлыбритания, Италия және өзге де елдердегі ондаған елшілік қызметкерін кері қайтаруды шешкен.

Еске сала кетейік, Мьянмада ақпанның 1-і күні әскерилер төңкеріс жасап, елде төтенше жағдай енгізген. Хунта ел басшылығын тұтқындап, көп ұзамай үкімет мүшелерін ауыстырды. Бірақ халық әскерилердің әрекетіне жаппай қарсы шығып, елде толқулар әлі жалғасып келеді.

Сондай-ақ...