Қытайда 5G байланысы бар телефонға сұраныс артты

Қытайда өткен жылы 5G жүйесіне қосылған 163 миллион ұялы телефон сатылыпты.

Мұндай мәліметті осы елдің өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігі жариялады.

Мамандардың айтуынша, биыл жаңа буын ұялы телефондарына сұраныс артады. Қазір оларды пайдаланушылардың қарасы 200 миллионға жеткен екен. Ал байланыс түрінің құны төмендеуде. Елдің ірі қалаларында 5 Джидің базалық станциялары салынған. Келешекте мұндай станцияларды ауылды жерлерде де салу жоспарда бар.

Сяо Яцин, ҚХР өнеркәсіп және ақпараттандыру министрі:

- Қазір елде 5 Джи ұялы телефондарын пайдаланушылар 4 Джиді қолданушылардан бір жарым есе артық. Ал соңғы 2 жылда бұл байланыс түрінің құны 46 процентке төмендеді. Былтыр нарықта 5 Джиді ұстайтын ұялы телефонның 218 түрі пайда болған.