Чехияда карантинге байланысты 500 өткізу бекеті ашылды

Чехияда індетке қарсы шектеулерді қатаңдатуға байланысты 500-ге жуық тексеру-бақылау бекеті ашылды.

Шара тұрғындардың бір аймақтан екінші аймаққа саяхаттауын шектеп, індеттің таралуын тоқтату үшін қолға алынған. Оған 30 мың полицей жұмылдырылып отыр. Чехияда жаңа штамдардың таралуына байланысты наурыздың бірінен бастап карантин қатаңдатылған.

Жаңа тәртіпке сәйкес, ел азаматтарына дәлелді себепсіз өзге елдерге саяхаттауға тыйым салынды. Балабақшалар жабылып, төменгі сынып оқушылары қашықтан оқуға оралды. Ал ресми дерекке сүйенсек, 10 миллионнан астам халқы бар Чехияда вирусты 1 миллионнан аса адам жұқтырған.

Сондай-ақ...