Пашинян алаңға шығып, халық алдында сөз сөйледі

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Еревандағы Республика алаңында өткен митинг кезінде үкіметінің жіберген қателіктері үшін халық алдында кешірім сұрады.

Саясаткер өз сөзінде жаңа конституцияның референдумы жайында сөз қозғап, оппозиция өкілдерін мерзімнен бұрын өтетін парламенттік сайлауға қатысуға шақырды.

Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:

- Өз қателіктерім үшін Армения халқының алдында кешірім сұраймын. Саяси күштер біздің ұсыныстарымызбен келіссе кезектен тыс саяси дода өткізуге дайынбыз. Халық бұл мүмкіндікті пайдаланады деп ойлаймын. Парламент оппозициясын мерзімнен бұрын өтетін парламенттік сайлауға қатысады деп ойлаймын.    

Естеріңізге салайық, Армениядағы жаппай ереуіл өткен аптадан бері жалғасып келеді. Әскерилер елдің премьер-министрі Никол Пашинянның отставкасын талап етуде. Ал Пашинян Бас штабты «әскери төңкеріс жасауға талпынды» деп айыптады. Елдегі саяси дағдарыс күшейіп, Пашинян жақтастары мен оппозиция Ереван орталығына шыққан еді.