Словакия «Sputnik V» вакцинасын сатып алған Еуроодақтағы екінші ел болды

Словакияға «Спутник Ви» вакцинасының алғашқы 200 мың дозасы жетті. Екпені қабылдап алу үшін әуежайға осы елдің үкімет басшысының өзі келген. Ол ресейлік препаратты сатып алуға қанша ақша жұмсалғанын ашып айтпады. Айта кетейік, Словакия Венгриядан кейін Еуропалық одақта «Спутник Ви»-ді алған екінші ел.

Негізі ресейлік екпені шұғыл жағдайда қолдануды Еуропаның Дәрі-дәрмек агенттігі әлі мақұлдаған жоқ. Словакияда ковид-19-дан қайтыс болғандар қатары көбейген. Күніне 2 мыңнан аса науқас тіркеледі.

Игор Матович, словакия премьер-министрі:

- Алдағы 2 айда біз 1 миллион доза вакцина қабылдаймыз. Бұл шамамен жарты миллион адамға жетуі тиіс. Сосын мамыр мен маусымда тағы 1 миллион доза алдырып, тағы 500 мың адамды егеміз. Словакия жеткізілген «Спутник Ви»  екпесі арқылы вакциналауды алдағы айларда 40 процентке арттырмақ.

Сондай-ақ...