Мексикада локдаун талаптары жеңілдеді

Мексика астанасы Мехикода локдаун талаптары жеңілдетілді. Бұл кеңшілікті жергілікті тұрғындар қуана қабылдап жатыр.

Бірақ бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтық сақтау сияқты шаралар қатаң бақылауда болмақ. Кинотеатрлардағы залдарға көрермендер жіберілмес бұрын зарарсыздандыру жұмысы жүйелі жүргізіледі. Музейлерге кірген адамдардан да тек үнемі бетперде тағып жүру талап етіледі. Бұл мекемелердің барлығы былтыр індет өршіген кезде жабылған болатын. Сондай-ақ спорт залдарға келушілер санына шектеу қойылды. Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі келтірген соңғы дерек бойынша Мехикода 1 күннің ішінде 437 адам індеттен көз жұмған.

Синсиа Разо, студент:

- Менде үрей сезімі жоқ, бірақ үнемі сақтанып жүрмекпін. Себебі кез келген жерден вирус жұқтырып алуым әбден мүмкін. Үйде қамалып отыра бергеннен гөрі бетперде киіп, сақтана отырып, сыртқа шыққан жақсы емес пе?!

Сондай-ақ...