Индонезияда Синабунг жанартауы атқылады

Индонезияда Синабунг жанартауы оянып, от пен күл атқылап жатыр. Шашыраған  күл теңіз деңгейінен бірнеше шақырым биіктікке  көтерілген.

Табиғат апаты жақын маңда орналасқан Солтүстік Суматра провинциясындағы елді мекендерге қауіп төндіріп тұр. Билік өкілдері тұрғындарды жанартау маңына жақындамауға шақырады. Апаттан зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, Синабунг жанартауының белсенділігі соңғы аптада 10 есеге арқан екен. Жалпы Индонезия – жанартау қауіптілігі жоғары аймақтағы мемлекет. Мәселен, 127 құбылмалы жанартау дәл осы елдің аумағында орналасқан.