Калифорнияда мемлекеттік мектептерге екі млрд доллар бөлінді

АҚШ-та халық саны ең көп Калифорния штатының мемлекеттік мектептеріне 2 миллиард доллар бөлінеді.

Бірақ бұл қаржыны алу үшін сабақ онлайн емес, оқу орнында өту тиіс. Осылайша билік білім беру ордаларын 1 сәуірден бастап ашуды жоспарлап отыр. Ендігі жұмыс осы іске жауапты шенеуніктер мен кәсіподақ ұйымдарына байланысты. Алайда эпидемиологиялық жағдайы тұрақталмаған округтердегі мектептер әзірге ашылмайды.

Айта кетейік, қазір Калифорнияда коронавирус жұқтырғандар саны азайған.

Гэвин Ньюсом, Калифорния губернаторы:

- Көптеген балалар мен мұғалімдер мектепке оралатын күнді асыға күтіп жүр. Бөлінетін қаражат зор мүмкіндіктер береді. Яғни оқу орындарындағы сабақты қорықпай бастай беруге жол ашылады.