Колумбияға COVAX аясында алғашқы вакцина жеткізілді

Колумбияға Халықаралық Ковакс бағдарламасы аясында коронавирусқа қарсы Пфайзер вакцинасының 117 мың дозасы жеткізілді.

Препарат ел астанасы Богота қаласындағы халықаралық әуежайға әкелінді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша жыл соңына дейін Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдеріне 280 млн доза екпе жеткізілмек.

Иван Дуке, Колумбия президенті:

- Бұл біз үшін өте маңызды сәт. Ковакс бағдарламасы аясында аймаққа жеткізілген вакцинаның бірінші партиясын қабылдадық. Жұмысты бір ізге салып ұйымдастырғаны үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысына алғысымды білдіремін.

Сондай-ақ...