Кентукки штатында толассыз жауын су тасқынына ұласты

АҚШ-тың Кентукки штаты су астында қалды. Тасқынға толассыз жауған жаңбыр себеп болған.

Синоптиктердің айтуынша, бірнеше күннің ішінде 127 миллиметр жауын-шашын түскен. Салдарынан аймақтағы өзендер арнасынан асып, көшелер мен ғимараттарды су шайып кетті. Билік тасқынға байланысты төтенше жағдай жариялады. Мұндай айрықша мәртебе федералды бюджеттен қаржылай көмек алуға мүмкіндік бермек. Құтқару қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде.